«Денсаулығы нашарлап, қатты қиналып жатыр»: Бельгиялық Жәнібек мәлімдеме жасады
Жарты жылдан бері анасын іздеп жүрген Жәнібек Жұмағұлов жақында Қазақстанға келуі мүмкін.
Жәнібек Жұмағұлов әлеуметтік желі арқылы соңғы жаңалықтарымен бөлісті, деп жазды turkystan.kz.
"Құрметті қазақстандық әкелер, аналар, ағалар мен әпкелер, замандастар! Хал-жағдайларыңыз қалай? Жақсы деп ойлаймын, өйткені Сіздер туған елдеріңізде өмір сүріп жатырсыздар. Мен туған Анамды іздегеніме 6 айға жуық уақыт өтсе де (анамдай болып кеткен Қымбат апайым) @kymbatdoszhan мен әпкемдей болған Әсел @asel_asqarqyzy, Арқалық полициясы іздеуді тоқтатқан емес. ДНҚ зерттеулері үздіксіз тапсырылып, тексеріліп жатыр, осындай маңызды жұмыс жүргізіп жатқан барша жанашырларыма алғыс айтамын", - деген ол анасын іздеу бір сәтке тоқтамағанын мәлімдеді.
Айтуынша, асырап алған анасының денсаулығы нашарлап, қатты қиналып жатыр.
"Өзіме келер болсам, жеке басым үшін соңғы кезде оңай болмай тұр. Асырап алған анамның денсаулығы нашарлап, қатты қиналып жатыр. Мен анама екеуміз бірге жариялаған алдыңғы бейнеролик үшін сіздердің жазған жүрекжарды пікірлеріңізді оқып беріп, көңілін көтердім. Әрине,бұның бәрі уақытша көңілін аулау екенін түсінем…
Ал жоспарым туралы айтар болсам, алдағы уақытта менің балалық шағымнан (балалар үйі) хабар беретін әдемі және қызықты бейнебаян жариялаймын.
Және Алла қолдасын, жақында өздеріңізбен кездесемін деп үміттенемін!", - деп аяқтады сөзін Жәнібек.