Гитлердің альбомы бәссаудаға шығарылды

Гитлердің альбомы бәссаудаға шығарылды

Гитлердің альбомы бәссаудаға шығарылды
ашық дереккөзі
312
Адольф Гитлердің жеке фотосуреттері бар альбом Ұлыбританияда аукцион5а шығарылды. Оның құны 18 мың доллардан жоғары бағалануда. Бұл туралы 13 наурызда C&T Auctions аукцион үйінің кеңесшісі Тим Харпер мәлімдеді деп хабарлайды Dw.com.  Дереккөздің хабарлауынша,  бұл альбом 1945 жылы Гитлер бункерінен, дәлірек айтқанда Ева Браун бөлмесінен табылды. Қазір ол анонимді коллекторға тиесілі. Аукцион 15 наурыз күні Кент қаласында өтеді. Сатылымға шығарған альбомда Гитлердің Геббельс, Геринг және Гиммлермен бірге түскен фотосуреттері бар, сонымен бірге Гитлердің өзін күтіп тұрған бір топ халық арасынан көлікпен өтіп бара жатқаны бейнеленген. Тим Харпер мұны жеке суреттер деп есептейді және рұқсат берілген адам ғана мұндай ракурспен фотоға түсіре алған.  

Серіктес жаңалықтары