Қарағандыда аудан әкімі орынбасарының қоқыс жәшіктерін тепкен видеосы тарады

Қарағанды ​​әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаның өткен жылдың күзінде болғанын, видео енді тарағанын айтты

Қарағандыда аудан әкімі орынбасарының қоқыс жәшіктерін тепкен видеосы тарады
Видеодан алынған кадр
700

Әлеуметтік желіде Қарағанды ​​қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің абаттандыру жөніндегі орынбасары Берекет Жайназаровтың қоқыс жәшіктерін теуіп жатқан видеосы тарап жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды ​​әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаның өткен жылдың күзінде болғанын, видео енді тарағанын айтты.

Аудан әкімінің орынбасары мердігерге жәшіктердің нашар салынғанын, жұмыстың сапасыз жүргізілгенін айтып, соны көрсеткен. Мұндай әрекетке кез келген жағдайда жол берілмейді, мемлекеттік қызметкерлердің этика нормаларын бұзуға қатысты шара қолданылады, – деп атап өтті әкімдік.

Серіктес жаңалықтары