Шымкенттің әкімі алаяқтар өз атынан хабарлама таратып жатқанын айтты

Сыздықбеков барлық хабарламаларды тек жеке телефонынан және ресми аккаунтынан жіберетінін жазады

Шымкенттің әкімі алаяқтар өз атынан хабарлама таратып жатқанын айтты
Ашық дереккөз
544

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков алаяқтар өз атынан хабарлама таратып жатқанын ескертті, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Әкімнің жазуынша, WhatsApp мессенджерінде менің атымнан хабарлама жіберіліп жатыр.

Бұл жалған! Мұны интернет алаяқтары жібереді. Сіздерден жалған ақпаратқа сеніп, бейтаныс нөмірге ақша аудармауларыңызды сұраймын. Сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Менің әлеуметтік желіде тек екі ресми аккаунтым бар: https://www.instagram.com/gabit_syzdykbekov?igsh=cjJzZW11bjFxb3Rz (инстаграм), https://www.facebook.com/profile.php?id=61555816719894&mibextid=LQQJ4d (фейсбук), – дейді ол.

Сыздықбеков барлық хабарламаларды тек жеке телефонынан және ресми аккаунтынан жіберетінін жазады.

Егер сізге менің фотосуретім қойылған жасырын нөмірден қоңырау немесе хабарлама келсе, оған мән бермеңіз. Сақ болуларыңызды және арандатушылыққа бой алдырмауларыңызды сұраймын. Түсіністік танытқандарыңыз үшін рақмет! – дейді ол.

Бұған дейін Қазақстанда басқа да шенеуніктердің атынан алаяқтар ақпарат таратқан еді.

 

Серіктес жаңалықтары