Қазақстандықтар сырттан тамақтануды жиілеткен – Статистика бюросы

2023 жылы бір отбасының сырттан тамақтануының жылдық шығыны 75 мың теңгеге жеткен.

Қазақстандықтар сырттан тамақтануды жиілеткен – Статистика бюросы
сурет: pexels.com
954

Қазақстандықтардың сырттан тамақтануға жұмсаған шығындары 50%-ға өскен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының мәліметінде айтылған. 

Қазақстандықтар асхана, кафе мен мейрамханаларда жиі тамақтана бастаған, бұл үрдіс осыған кететін шығынды 50%-ға арттырды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылы бір отбасының сырттан тамақтануының жылдық шығыны 75 мың теңгеге жетті. 

Статистика мәліметтеріне қарасақ, кейінгі бірнеше жылда, әсіресе елдің батыс аймақтарында күрт өсім байқалды. 

Серіктес жаңалықтары