Су тасқыны: Аймақтарда 1 847 үйдің құрылысы басталды

Өңірлерде 1 847 үй мен пәтердің құрылысы басталды, тағы 3 417-ін қайталама нарықтан сатып алу жоспарланып отыр.

Су тасқыны: Аймақтарда 1 847 үйдің құрылысы басталды
сурет: GOV.KZ
723

Үкімет отырысында Вице-премьер Қанат Бозымбаев ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу процесі қалай жүріп жатқаны туралы мәлімет берді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Вице-премьердің сөзінше, 28 мамырдағы жағдай бойынша 30 538 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алған. Жұмыс бақылауда, барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

Сонымен қатар, қазір 15 093 тұрғын үй мен саяжай құрылыстарына, яғни 84%-ына сараптама жасалған. Қорытындыға сәйкес, 9 мыңнан астам үй қалпына келтіріледі, 4 315 үй апатты деп танылды.

Өңірлерде 1 847 үй мен пәтердің құрылысы басталды, тағы 3 417-ін қайталама нарықтан сатып алу жоспарланып отыр.

Вице-премьер әкімдіктерге барлық қажетті қорытындыларды барынша қысқа мерзімде ресімдеу және жаңа тұрғын үйді уақытында пайдалануға берілуін қамтамасыз ету тапсырылғанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары