624
Өскеменде бір адам боррелиоз ауруына шалдықты
Бұл кенеден тарайтын індет.
Өскеменде бір адам боррелиоз ауруына шалдықты, деп хабарлады turkystan.kz.
Qazaqstan арнасының мәліметінше, науқас дер кезінде дәрігерге жүгінген. Қазір жағдайы жақсы, дейді мамандар. Зиянды жәндік шаққан адам медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда мүгедек болып қалуы да мүмкін.
Облыстық санитарлық Эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мәліметінше, биылғы көктемнен бері 1 904 адамды кене шаққан.