Ақтауда жасөспірім құздан құлап кетті

Баланың жағдайы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері айтты.

Ақтауда жасөспірім құздан құлап кетті
egemen.kz
625

Ақтауда 12 жастағы бала құздан құлап кетті, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 25 мамырда болған. Бала 3-4 метр биіктіктен құлаған. Баланың жағдайы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері мәлімдеді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері 25 мамырда түстен кейін сағат 11:31 шамасында оқиға туралы қоңырау түскенін хабарлады.

4А ықшам ауданындағы қонақүйдің артында 2012 жылы туған бала 3-4 метр биіктен құлап кеткен. Құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірге зардап шегушіні зембілмен жедел жәрдемге жеткізді.

Баланың жағдайы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері айтты.

«Оқиға орнына жедел жеткен жедел жәрдем бригадасы баланы облыстық балалар ауруханасына тексеруге жеткізді. Дәрігерлер мидың томографиясын жасады. Баланың бассүйек миы жарақаттанып, миы шайқалған», - делінген хабарламада. 

Дәрігерлердің айтуынша, баланың есі дұрыс, балалар ауруханасының жарақат бөлімінде жатыр. Дәрігерлер баланың үнемі бақылауда екенін атап өтті.

 

Серіктес жаңалықтары