«29,5 млн теңге жымқырған»: Маңғыстауда колледж директоры сотталды

Мемлекетке келтірілген шығын 29 550 929 теңге өндірілді.

«29,5 млн теңге жымқырған»: Маңғыстауда колледж директоры сотталды
Azattyq Ruhy
609

Маңғыстауда колледж директорымен ірі көлемдегі қаражат жымқырылған, деп хабарлады turkystan.kz.

Прокуратура органдары бюджет қаражатын тиімді пайдалану заңдылығының сақталуына тұрақты түрде талдау жүргізеді.Талдау барысында гуманитариялық колледжінің директорымен қызметкерлерге тиесілі еңбек сыйақы төлемдерін жымқыру фактісі белгілі болды.

«Атап айтқанда, колледж директоры 2022 жылғы желтоқсан және 2023 жылдың тамыз айлары аралығында колледждің 29 қызметкеріне сыйақы беру туралы негізсіз бұйырықтар шығарып, 29,5 млн теңгені заңсыз иемденген», - делінген хабарламада.

Бейнеу аудандық сотының 16.05.2024ж. үкімімен колледж директоры ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп
танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мемлекетке келтірілген шығын 29 550 929 теңге өндірілді.

Серіктес жаңалықтары