«Анамды сағындым»: Тұрсынбек Қабатовтың жары жүрек елжіретер жазба жариялады

Мөлдір Мұқанованың анасы небәрі 45 жасында өмірден өткен.

«Анамды сағындым»: Тұрсынбек Қабатовтың жары жүрек елжіретер жазба жариялады
видеодан алынған скриншот
972

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова анасын сағынып жүргенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Анамның ғұмыры қысқа болғанымен, алты баласының жүрегіндегі өмірі ұзақ. Анамның күліп отырып жылап қоятын, жылап отырып күле салатыны есімде. Түсінбей қарап отыратын едім жүзіне. Сөйтсем, есейгенде өзің де сондай болып кетеді екенсің ғой. Анам да өз анасын сағынған-ау деп қазір көп ойлаймын. Ана туралы ән болсын, әңгіме болсын, анам толқып отырушы еді…Әркімнің сағынышы өз ішінде ғой. Біз де, бауырлар жинала қалсақ, көз жанарымыз жасқа да толатын кездер де көп, анамыз небәрі 45 жасында өмірден озды. Фотолары да аз. Жақында бір іс-шара болғалы жатыр еді, бар фото-видеоларды ақтарып отырып, жүрегім толқып, тамағыма жас тығылып отыр. Мама, мен сені жақсы көремін деп айтқым келеді, құшақтап, кеудесіне басымды қойып, құшағында отырып “Мама, мен сені жақсы көремін” деп анамның өзіне айтқым келеді. Анамды сағындым…», - деп жазды Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде.

 

Серіктес жаңалықтары