«Шүберек» деп атаған»: Қазақстан туына құрметсіздік көрсеткен блогер сотталды

Ер адамға “мемлекеттік рәміздерді қорлау" бойынша айып тағылды.

«Шүберек» деп атаған»: Қазақстан туына құрметсіздік көрсеткен блогер сотталды
Фото: elle.com.kz
677

Түркістан облысында Қазақстан туын "шүберек" деп атаған тиктокер сотталды, деп хабарлады turkystan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Облыстық соттың мәліметінше, сотталушы 2024 жылдың сәуір айында өзінің телефон камерасына Сауран ауданы Ибата ауылындағы орталық көшедегі туды түсіріп алған.

"Сол күні ол TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында туы бар видеоны жариялап, “жоғарыға иліп қойыптыго таеульсздик тряпкасн" (“Жоғарыға іліп қойыпты ғой тәуелсіздік тряпкасын") деп жазған", — делінген сот хабарламасында.

Желі қолданушыларының ашулы пікірлері көбейген соң, аккаунт иесі видеоны өшіріп тастаған.

Ер адамға “мемлекеттік рәміздерді қорлау" бойынша айып тағылды.

Сот оны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары