Қарағандыда айыппұл төлемегендер 5 күнге қамалады

Қарағандыда айыппұл төлемегендер 5 күнге қамалады

Қарағандыда айыппұл төлемегендер 5 күнге қамалады
ашық дереккөзі
256
Қарағанды облысында айыппұл төлемей қашып жүргендер енді 5 тәулікке абақтыға қамалады, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Қатаң шара ең әуелі қарызы көптерге қолданылмақ. Әкімшілік полиция басқармасының мамандары бұл қадамға мәжбүрліктен барып отырғанын айтады. Себебі, «құқық бұзатындар күн санап көбейіп жатыр, ал айыппұлын төлеуге ешбірі асығар емес». Мәселен, осы жылдың тек екі айында ғана 19 мың 500 адамға 236 миллион теңге көлемінде айыппұл салынса, соның тек 31 пайызы ғана берешегін өтеген. Қалғаны бас сауғалап жүр. Бұзақылардың жалпы берешегі 1 миллиард теңгеден асып жығылады. Қарағанды облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы Елжас Жартыбаев: «Төлемеген адамдар көбейіп бара жатыр. Сондықтан осыны қолдануға мәжбүрміз. Айыппұлы бар азаматтарға 669-бапты қолданамыз. Осы жағдайға жеткізбес үшін азаматтар өздерінің айыппұлдарын тексеріп, соны төлеуге тырмысуы керек», – дейді.

Серіктес жаңалықтары