Аралды құтқару халықаралық қоры атқарушы комитеті мен Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы меморандумға қол қойды

Қазіргі жағдайға қарап, Арал теңізінде судың көтеріледі деп кесіп айту қиын.

Аралды құтқару халықаралық қоры атқарушы комитеті мен Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы меморандумға қол қойды
carececo.org
427

Алматы қаласында өтіп жатқан Климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі Орталық Азия конференциясында Аралды құтқару халықаралық қоры атқарушы комитеті мен Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Аралды құтқару халықаралық қоры атқарушы комитетіне төрағалық ету кезегі үш жыл сайын Орталық Азияның елдері арасында ауысып отырады. Биыл Қазақстан төрағалық етеді. Сондықтан ол тараппен жаңа меморандумға қол қойдық. Аймақтық экологиялық орталық көп өңірлік бағдармаларды іске асыруға көмектеседі. Соның Арал теңізі бассейніне қатысты бағдарламаны іске асыруда Орталық Азиядағы серіктестер көмектесті. Аталған бағдарлама Орталық Азия елдерінің ресми өкілдерімен әзірленген. Бұл құжатта Орталық Азия елдерінде туындаған, баса назар аударуға тиіс, ресрурстар жұмсалуы керек, аймақтық әрі трансшекаралық жобалар іске асырылуы қажет проблемалық тұстар нақты көрсетілген. Сондықтан алдағы уақытта бірлесіп, көп жобаларды іске асырамыз деген ойдамыз», – дейді Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығының атқарушы директоры Зафар Махмудов.

Сонымен қатар Зафар Махмудов Арал теңізінің бүгінгі жай-күйіне тоқталып өтті.

«Қазіргі жағдайға қарап, Арал теңізінде судың көтеріледі деп кесіп айту қиын. Дегенмен қазір мұздардың еруі және өзендердің көбеюіне байланысты су көп келеді деген болжам бар. Алайда Орталық Азияда судың тұтынуы екі есеге артады. Біріншіден, бұл экономикалық дамуға байланысты екенін айта кеткен жөн. Қазір Орталық азия елдері әлем бойынша қарқынды түрде дамып жатқан он елдің қатарына кіреді. Ал бұл даму су ресурстарын көп тұтынуды талап етеді. Сонымен қатар мұнда тағы бір мәселе туындайды. Ол аймақтарда тұрғындардың көбеюі де әсер етпей қоймайды. Осы ретте біз суды үнемдеуге бағытталған жаңа технолгиялар мен жаңа әдістер ойлап табуға тырысамыз. Осылайша, Арал теңізінің екі негізгі артериясы арқылы судың болуын қамтамасыз етуге тырысамыз», – дейді Зафар Махмудов.

Серіктес жаңалықтары