ҚТЖ-ға қарасты ЖШС басшылары сотталды

Олар бейнебақылау жабдықтарын сатып алуға бөлінген 159,4 млн теңге қаражатты жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

ҚТЖ-ға қарасты ЖШС басшылары сотталды
сурет: Newtimes
659

ҚТЖ Әскерилендірілген теміржол күзетінің басшылары сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі хабарлады.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС бас директоры Б. Нахановқа, оның орынбасары А. Мұқатаеваға және менеджер Р. Сидиковқа қатысты үкім шығарды, – деп жазылған ақпаратта.

Олар бейнебақылау жабдықтарын сатып алуға бөлінген 159,4 млн теңге қаражатты жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ, Наханов әскерилендірілген теміржол күзетінің жүргізушісі ретінде адамды жұмысқа орналастыру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.

Сот үкімімен Нахановқа 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сол үкіммен Мұқатаева мен Сидиков 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары