Астанада сауда үйінен 17 аяқ киім ұрлаған ер адам ұсталды

Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен – 290 мың теңге.

Астанада сауда үйінен 17 аяқ киім ұрлаған ер адам ұсталды
сурет: polisia.kz
727

Астанада сауда үйінен 17 аяқ киім ұрлаған ер адам ұсталды, бұл туралы polisia.kz сайты хабарлады. 

Жедел іздестіру шаралары барысында Байқоңыр ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері сауда бутигінен ұрлық жасады деген күдікпен 30 жастағы ер адамды анықтады. Бұған дейін полицейлерге сауда орталығының өкілі хабарласып, бутиктен белгісіз біреу 17 жұп аяқ киімді ұрлап кеткенін айтқан. Тергеу барысында күдіктінің сауда алаңына кіріп, клиент атын жамылып, тауарды тексере бастағаны анықталды, – деп жазылған хабарламада.

Сатушының басқа жаққа қарағанын пайдаланған ол қораптан бірнеше жұп аяқ киімді алып сөмкесіне салып, ештеңені елеместен бутиктен шығып ізін суытқан. Бір күннен кейін ұры дүкенге қайта оралып, бутиктегі қарбалас сәтті күтіп, осы схема бойынша аяқ киімді ұрлап кеткен.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен – 290 мың теңге. Ер адам ұрланған аяқ киімдерді арзан бағаға қайтадан сатып жүргені анықталған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

 

Серіктес жаңалықтары