11349
Маңғыстауда 59 жастағы ер адамды ұрлап, басын кесіп өлтірді деген күдікпен 2 адам ұсталды
Тағы бір күдікті ұстатпай қашып жүр.
Маңғыстауда 59 жастағы ер адамды ұрлап, басын кесіп өлтірді деген күдікпен 2 адам ұсталды, бұл ақпаратты полиция департаменті растады, деп хабарлады inbusiness.kz.
Тергеу мәліметіне сүйенсек, олар 59 жастағы ер адамды ұрлап, басын кесіп, артынан көміп тастаған деген күдікке ілініп отыр. Белгілі мәліметке сүйенсек, тағы бір күдікті ұстатпай қашып жүр.
"Адам ұрлығы мен өлтіру деректері бойынша 2 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.