Желіде дау тудырған блогердің пікіріне қатысты полиция мәлімдеме жасады

Блогер Жанәділ Райымбековтың пікірі қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Желіде дау тудырған блогердің пікіріне қатысты полиция мәлімдеме жасады
Видеодан алынған скриншот
1130

Блогер Жанәділ Райымбековтың жыныстық инфекцияның таралуы туралы қоғамда дау тудырған пікіріне қатысты полиция мәлімдеме жасады, деп хабарлады turkystan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Блогер әлеуметтік желідегі подкасттардың бірінде әйел адам бірнеше еркекпен қосылса, міндетті түрде инфекция пайда болатынын, ал көп әйелі бар еркек өзінің әйелдерімен қосылса, ол инфекция таратпайтынын айтады. Алайда оның пікіріне оқырмандар қарсы шығып, блогердің жалған ақпарат таратып отырған айтып, наразылық білдірген. 

Byzyq телеграм арнасы Ішкі істер министрлігіне блогердің сөздері "көрінеу жалған ақпарат тарату" санатына жататынын айтып, сауал жолдаған.  

Астана полиция департаментінің жауабында блогерді жазалауға ешқандай себеп жоқ екені айтылған. Полицияның мәліметінше, ол ғылыми зерттеулерге сілтеме жасағанымен, өз көзқарасы мен сенімі бойынша субъективті пікірін білдірген. Сондықтан "көрінеу жалған ақпарат таратудың" белгілері жоқ. 

Серіктес жаңалықтары