Динара Зәкиева: Балалар қауіпсіздігі мен әл-ауқаты – ортақ мақсат

Әр баланың өмірі мен қауіпсіздігі ересектерге және ең алдымен оның ата-анасына байланысты

Динара Зәкиева: Балалар қауіпсіздігі мен әл-ауқаты –  ортақ мақсат
AMANAT
671

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева желідегі парақшасында қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп жазады turkystan.kz.

Қымбатты балалар, мереке құтты болсын! Біз сіздермен, біздің ақылды, талантты, үміт артқан балаларымызбен мақтанамыз! Еліміздің бетке ұстар азаматтары боласыздар деп сенемін.

Сіздерге шын жүректен қызықты да танымды балалық шақ, бақыт, денсаулық және амандық тілеймін!

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Қазақстанда біз бұл салтанатты күнді дәстүрлі түрде мереке ретінде атап өтеміз. Балалар еліміздің ең маңызды құндылығы!

Сонымен қатар, балаларды қорғау, олардың құқықтарын қамтамасыз ету және қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау қоғамның әр мүшесі үшін басымдық екенін бәріміз түсінуіміз керек! Балалар қауіпсіздігі мен әл-ауқаты – ортақ мақсат.

Әр баланың өмірі мен қауіпсіздігі ересектерге және ең алдымен оның ата-анасына байланысты. Ата-ана ретінде балаларымыздың тағдыры үшін бірінші кезекте біз жауапты екенінімізді үнемі есте ұстауымыз керек.

Бір өкініштісі, статистика балаларға қауіптің жиі төнетінін көрсетеді. Күн сайын 3 бала терезеден құлап, уланудан, жарақаттанудан, көлік апатынан қайтыс болып жатыр. Зорлық-зомбылыққа қатысты трагедиялардың көбін болдырмауға болушы еді, 70% жағдайда айналадағы адамдар уақытында әрекет етпеді.

Сондықтан бүгін, Балаларды қорғау күні, мен, қымбатты ата-аналар, ересектер, бәріңізді, балаларға сезімталдық пен жауапкершілік танытуға, балалар қорғаушысы болуға, оларға қиын жағдайда көмектесуге, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездікті болдырмауға шақырамын!

Біздің балалық шақты қорғаудың ұлттық жүйесінде біз биліктің барлық тармақтарының, азаматтық қоғамның, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың тығыз өзара іс-қимылы мен қолдауына сенеміз.

Бәріміз бірге балаларымыздың бақытты балалық шағы үшін қажет нәрсенің бәрін жасай алатынымызға кәміл сенемін! - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары