2 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан территориясының басым бөлігініне әлі де атмосфералық фронталды бөліктер өз әсерін тигізеді – найзағаймен жаңбыр, күндіз шығыста қатты жаңбыр күтіледі

2 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Ашық дереккөз
566

«Қазгидромет» Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 2 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан территориясының басым бөлігініне әлі де атмосфералық фронталды бөліктер өз әсерін тигізеді – найзағаймен жаңбыр, күндіз шығыста қатты жаңбыр күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын- шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстігінде, оңтүстік-батысында  түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Түркістан облысының орталығы мен солтүстік-шығысында,  Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атырау облысының батысында, Қызылорда облысының шығысында, Батыс  Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Серіктес жаңалықтары