479
Бүгін ауа райы қандай болады?
2 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазгидромет 2 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.
Қазақстан территориясының басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронттар өз әсерін тигізеді.
Осыған байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, күндіз шығыста қатты жауын болады. Тек еліміздің оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте, оңтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.