Қарағанды облысында жоғалып кеткен екі балықшының бірінің денесі табылды

1967 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары ары қарай жалғасып жатыр

Қарағанды облысында жоғалып кеткен екі балықшының бірінің денесі табылды
ТЖД
552

Шахтинск қаласынан екі шақырымдағы Ленин атындағы шахта аймағындағы жасанды су қоймасында 1958 және 1967 жылы туған екі ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады turkystan.kz nege.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, олар 1 маусымда қайықпен су айдынына шығып, сол күйі кері оралмаған.

2 маусымда сағат 04:00-де жедел-құтқару жасағының күшімен жағадан 500 метр қашықтықта моторлы қайық ішінен 1958 жылы туған ер адамның денесі табылып, жағаға шығарылды. Оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі анықталуда, – делінген хабарламада.

Ал 1967 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары ары қарай жалғасуда.

Іздестіру жұмыстарына ТЖД, полиция департаменті және еріктілердің күштері жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары