Қызылорда облысында көше бойында тұрған жеңіл көлік өртеніп кетті

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады

Қызылорда облысында көше бойында тұрған жеңіл көлік өртеніп кетті
Ашық дереккөз
475

Оқиға Шиелі кентіне қарасты Көкшоқы мөлтек ауданында болған, деп жазады turkystan.kz.

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады.

Шиелі ауданы №13 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне Ө. Жарықбаев көшесінің бойында жеңіл автокөлік жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіруге 4 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды. Көше бойында «Kia Sportaqe» маркалы жеңіл автокөлігі құжаттарымен толығымен жанғаны анықталды. Өрт 13.12-де толығымен жойылды. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ, – делінген nege.kz сайтында жарияланған ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары