618
Сот кезінде өзіне қол салмақ болған атыраулыққа қылмыстық іс қозғалды
Сотталушыға медициналық көмек көрсетіліп, кейін тергеу изоляторына қамалды
Атыраулық жігіт сот ғимаратында өзіне пышақ салған. Сотталушыға медициналық көмек көрсетіліп, кейін тергеу изоляторына қамалды, деп жазады turkystan.kz nege.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Атырау облыстық сотының ғимаратында 31 мамыр күні сағат 12:30 шамасында болған. Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Сотталушы өз-өзіне қол жұмсауға оқталды. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотталушыға медициналық көмек көрсетілді. Содан соң тергеу изоляторына оқшауландырылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.