Қызылордалық мұғалім әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді

Аталмыш оқиғаға облыстық білім басқармасы да түсініктеме берді.

Қызылордалық мұғалім әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді
pixabay
5404

Қызылордада мектеп мұғалімі дене шынықтыру пәнінің мұғалімін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлады turkystan.kz сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растап, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, күдікті қамауға алынды, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, – деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.

Бұл оқиғаға облыстық білім басқармасы да түсініктеме берді.

31 мамырда екі мұғалімнің де еңбек демалысына кеткенін хабарлаймыз, оқиғаның мән-жайын құзырлы орган анықтап жатыр, – деп толықтырды ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары