Оралдағы зауытта 51 жастағы жұмысшы қаза тапты

Бос вагондарды тасымалдаушы автоматты қалаушыға қысылып қалған.

Оралдағы зауытта 51 жастағы жұмысшы қаза тапты
pixabay
490

Оралдағы әк зауытында жазатайым оқиғадан жұмысшы қаза тапты.

БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқарма мәліметінше, 27 мамырға қараған түні шамамен сағат 02.45-те бос вагондарды тасымалдаушы, 1973 жылғы ер адам жазатайым оқиғаға тап болған.

«Бос вагондарды тасымалдаушы автоматты қалаушыға қысылып қалған. Салдарынан жедел жәрдем шақыртылып, көлік шамамен 20 минуттан кейін келіп, зардап шегушіні алып кеткен. ҚР Еңбек кодексінің 188-бабы 4-тармағы талаптарына сәйкес 28 мамыр күні жазатайым оқиғаға арнайы тергеу жүргізу үшін комиссия құру туралы бұйрық шығарылды. Еңбек инспекторымен бірге оқиға орнына барылып, фото-видео фиксация жасалды. Басқарма арнайы тергеу жүргізу үшін қажетті материалдарды алды», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі жұмысшының өлімі бойынша Зачаган полиция бөлімінің қылмыстық іс қозғағанын жеткізді. Сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары