«Самұрық-Қазына» қоры Құлсары қаласын қалпына келтіруге 7 млрд теңге бөлді

«Самұрық-Қазына» су тасқыны салдарымен күресуге барлығы 22 млрд теңге бөліп отыр.

«Самұрық-Қазына» қоры Құлсары қаласын қалпына келтіруге 7 млрд теңге бөлді
Сурет: qandastar.kz
479

«Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобының атынан Атырау облысындағы су тасқынынан ең көп зардап шеккен Құлсары қаласының инфрақұрылымын қалпына келтіруге 7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады turkystan.kz порталы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Қордың портфельдік компаниясы «ҚазМұнайГаз» АҚ бөлінген қаражаты «Samruk-Kazyna Trust» бірыңғай қайырымдылық операторы арқылы «Атырау» корпоративтік әлеуметтік даму қорына аударылды.

Осылайша, «Самұрық-Қазына» су тасқыны салдарымен күресуге барлығы 22 млрд теңге бөліп отыр. Сондай-ақ бірыңғай қайырымдылық операторына су тасқыны салдарын жоюға еншілес кәсіпорындардың серіктестерінен қаражат түсу жалғасуда. Қазіргі уақытта румындық «Rompetrol» мұнай-газ компаниясынан, «Cameco» және «CGN» ірі атом компанияларынан, сондай-ақ жапондық «Marubeni» сауда компаниясынан қаражат түсті. Барлық түскен сома өңірлердегі инфрақұрылымды қалпына келтіруге бағытталатын болады.

Серіктес жаңалықтары