Қазақстан футбол федерациясы Станислав Черчесовтің жалақысына қатысты мәлімдеме жасады

Интернетте тараған ақпарат жалған болып шықты.

Қазақстан футбол федерациясы Станислав Черчесовтің жалақысына қатысты мәлімдеме жасады
Сурет: vk.com
679

Әлеуметтік желіде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңадан тағайындалған бас бапкері Станислав Черчесовтің жылдық табысы көрсетілген ақпараттар тарады, деп хабарлады turkystan.kz.

Осыған байланысты Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеме жасады.

"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесовтің жалақысы туралы ақпарат асыра көрсетілген және шынайылыққа сәйкес келмейді. Келісімшарттың құпиялығын сақтай отыра бапкердің жалақысы жария етілмейтінін хабарлаймыз. Келісімшарт бюджет тарапынан қаржыландырылмайды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Магомед Адиевпен келісімшарт екі жақтың келісімімен тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары