Рәміздер күні: Астанада қандай іс-шаралар өтеді?

Маусымның алғашқы күндерінен бастап, "Туымыз - төрімізде!" патриоттық акция өткізілуде. Оның аясында ҚР Мемлекеттік туларын тұрғын үйлер мен ғимараттардың балкондары мен терезелерінде желбірету іс-шарасы қолға алынды.

Рәміздер күні: Астанада қандай іс-шаралар өтеді?
pixabay
544

Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Олардың арасында челлендж, көрме, түрлі акциялар, мерекелік концерт бар. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

4 маусым күні Қаламгерлер аллеясында "Кітап қала" ашық аспан астындағы кітапхана базасында "Мемлекеттік рәміздер – ұлттың айшықты таңбасы" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Бұл күні сағат 14.00-16.00 аралығында "Байтерек" монументі алдында "Мен Қазақстанның патриотымын!" әскери-музыкалық патриоттық шеру өтеді.

Сондай-ақ, қалалық Арбат пен қалалық орталық саябағында "Рәміздерім-айбыным" акциясы өтеді. Оның аясында қала тұрғындарына мемлекеттік жалаушалар таратылып, викторина ойнатылады және қатысушыларға сыйлықтар табысталады.

Сағат 19:00-де қалалық арбатта "Менің елім!" патриоттық әндер шеруі өтеді.

Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған виртуалды көрме өтеді.

Білім беру мекемелері мен ұйымдарында бірқатар іс-шара өтпек. Олар: "Мен Қазақстан Республикасының азаматымын" пікірсайысы, ҚР Мемлекеттік рәміздері тақырыбына арналған олимпиада, "Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің нышаны" танымдық сағаттары, "Елімнің рәміздері" жас ақындар байқауы, "Атамекен" атты патриоттық өлеңдер орындау бойынша челлендж, "Ел рәміздері – ел рухы" кітап көрмесі, "Елімнің Рәміздер күні" балалар жұмыстарының қалалық көрмесі, "Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы" концерттік бағдарламасы, "Рәміздерім – мақтанышым!" мерекелік концерті ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, 3-4 маусым күндері Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күніне орай мемлекеттік және бағынысты мекемелерде "Мен Қазақстанның патриотымын!" мерекелік іс-шаралары жоспарда бар.

Мемлекеттік мекемелер, аумақтық органдар, бағынысты ұйымдар және т.б. арасында "Менің рәміздерім – менің мақтанышым!" жалпықалалық патриоттық акция-челленджі өтеді.

Әлеуметтік желілерде бір уақытта Мемлекеттік Тудың тұсында түскен сурет орналастыра отырып, "Менің туым – менің мақтанышым!" жалпыұлттық челленджі ұйымдастырылады.

Маусымның алғашқы күндерінен бастап, "Туымыз - төрімізде!" патриоттық акция өткізілуде. Оның аясында ҚР Мемлекеттік туларын тұрғын үйлер мен ғимараттардың балкондары мен терезелерінде желбірету іс-шарасы қолға алынды. Жалпы 1000 жуық Мемлекеттік Тулар тұрғын үйлерге ілінді.

Серіктес жаңалықтары