«Қайрат қарсы болды»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің қайырымды ісі жайлы жазды

Ләйлә Сұлтанқызы өмірден өткен күйеуі салып кеткен ғимаратты ұқыпты ұстап келе жатқан ұжымға алғыс білдірді.

«Қайрат қарсы болды»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің қайырымды ісі жайлы жазды
Сурет: stan.kz
790

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы көпшілікке марқұм жолдасының ауыл балаларына арнап салып берген балабақшасын көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.

“Бұл біздің отбасымыз үшін өте бір ыстық, құнды тарих. Осы балабақша салынып жатқанда Сардарыма аяғым ауыр еді. Салынып біткенде жергілікті халық атын "Қайрат" деп қоямыз дегенде Қайрекең қатты қарсы болған. Ауыл ақсақалдары балабақша біздікі, бізге салдың, біз өзіміз шешеміз деген соң, амал жоқ, келісті. Үлкенді сыйлаған, үлкеннің сөзінен озбаған халықпыз ғой. Осы мекемені жылдар бойы ескіртпей, күтіп отырған меңгерушісі Нұржамал апай мен ұжымға алғысым шексіз!”, – деп жазды тележүргізуші. 

Сондай-ақ ол болашақта балаларынан үлкен үміт күтетінін айтты.

“Қазір ұлдар әкесінің әр еңбегі мен жақсылықтарынан хабардар. Ауылға да барып тұрамыз, басымыз қосылса болды, естеліктерді айтып, сырласамыз. Ендігі арманым, Сағадат пен Сардар әкесінің ізін жалғап, салиқалы азамат болып өссе деймін”, – деді Л. Сұлтанқызы.

Серіктес жаңалықтары