Ақтөбеде аутизммен ауыратын 13 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр

Ерекше баланы іздеу жұмысына полиция мен еріктілер жұмылдырылды.

Ақтөбеде аутизммен ауыратын 13 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр
Ақтөбе ПД
658

Ақтөбе қаласында 13 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр. Ол кеше 17:00 шамасында үйінен шығып кеткен.

Ақтөбе қаласы Заречный-1 тұрғын алабының тұрғыны кеше сағат 17:00-де үйден шығып кеткен. Ерекше баланы іздеу жұмысына полиция мен еріктілер жұмылдырылды.

- Кәрім Жетіру үйінен шығып, хабар-ошарсыз кетті. Қазір іздеу жұмысы жүріп жатыр. Баланы көрген-білген адам полицияға хабар берсе болады,- деп хабарлады Ақтөбе қаласы ПБ бастығы Әсет Қалиев. Жасөспірім футболка және іші киіммен, шығып кеткен деп хабарлады еріктілердің іздеу тобы. 

Айта кетейік, қазір Ақтөбе қаласында күн күркіреп, жаңбыр жауып тұр. Іздеу жұмысы жан-жақты жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары