«Жылына 10 ойын аздық етеді»: Магомед Әдиев Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуі туралы

Ұлттық құраманы баптау, бүкіл елдің қолдауын сезіну – өте керемет

«Жылына 10 ойын аздық етеді»: Магомед Әдиев Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуі туралы
Фото: kff.kz
829

Магомед Әдиев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетуіне не түрткі болғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz «Cпорт Шредингера» YouTube арнасына сілтеме жасап.

«Қызметтен кетемін деген шешімді өзім қабылдадым. Бұл – менің шешімім. Алайда бұл менің бапкерлік мансабымдағы ең қиын шешім болды. Мен шынымен ұзақ уақыт бойы ойланып, таразыға салып, ақыры бұл оңай емес шешімді қабылдадым. Бәлкім бұл дұрыс емес шығар, оны уақыт көрсетеді», – дейді бапкер.

Магомед Әдиев қызметтен кету туралы ой Қазақстан құрамасы Грекиядан ойсырай ұтылғаннан соң пайда болғаны айтады.

«Қызметтен кету туралы ой Грекияға қарсы кездесуде 0:5 есебімен жеңілгеннен кейін туындады. Бапкер ретінде мұндай сәтсіздіктен соң тура сол кезде өз еркіммен қызметтен кету туралы арыз жазуым керек еді. Бірақ мен сол кезде айтқан едім, мен өзімді ғана ойлай алмадым. Артымнан ерген командам және федерация президенті болды. Қазір Ресей Премьер лигасында уақыт өткізіп, басқа футболға көз жүгірткенімде, Әділет Назарбайұлына "Ұлттық құраманы баптау, бүкіл елдің қолдауын сезіну – өте керемет. Құрама бапкері болудың жауапкершілігі жоғары. Дегенмен маған бапкер ретінде жылына 10 ойын аздық етеді. Мен екі жыл бой осы режимде өмір сүремін. Маған өз-өзіммен, қарсыласпен тартыс керек. Үнемі ұмыс процесінде болуым керек. Екі ай бойы мұндай күнделікті жұмыста болмасам, қиынға соғады» деп айттым», – деді маман.

Серіктес жаңалықтары