Атырауда жағалау бөгетін тасқын су шайып кетті

Жедел жұмысқа Атырау және Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменттерінен 20-ға жуық маман тартылды.

Атырауда жағалау бөгетін тасқын су шайып кетті
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
560

Атырау қаласы маңындағы Ақжар ауылы тұсындағы жағалау бөгетінің 100 метрге жуық аумағын ағын су шайып кетті.

Қазіргі уақытта yығайту жұмыстары жүріп жатыр.

«Жайық жағасында су деңгейін бақылап тұрған кезекші құрам таңғы 4 шамасында бөгеттің бір бөлігін су шайып, құлап жатқанын байқайды. Біз ТЖ мамандарымен бірігіп, бөгетті жедел түрде нығайту жұмысына кірісіп кеттік. Қазіргі уақытта бұл жерге геомембрана төсеп, қосымша топырақ төгіп жатырмыз. Ағыстың күшімен шайылған бөгеттің аумағы 100 м құрайды. Жалпы су шайған бөгет аумағын шифер жабындық материалымен қорғаймыз деген жоспарымыз болды. Алайда, су деңгейінің тереңдігі кедергі келтірді», - дейді участок координаторы Қаһарман Рахметұлы.

Жедел жұмысқа Атырау және Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменттерінен 20-ға жуық маман тартылды. Қазір құлаған бөгетті қалпына келтіру 90% аяқталған.

Серіктес жаңалықтары