514
Алматыда полиция 27 шетелдікті қамауға алды
Өзбекстанның 27 азаматы заңсыз жұмыс істеген.
Алматыда Өзбекстанның 27 азаматы заңсыз жұмыс істеген. Оларды полиция қызметкерлері «Заңсыз» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.
«Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстанның 27 азаматы ұсталды. Тексеру кезінде 9 шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттары болмады. Олар ПД-нің қабылдап-таратуына орналастырылды. Әрбір құқық бұзушының жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқарма бастығының орынбасары, полиция полковнигі Геннадий Мен.