14,7 млн теңге: Абай облысында есепші мектеп директорының электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, ақша жымқырған

Есепші мектеп директорының электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, ақшаны жеке шотына аударған.

14,7 млн теңге: Абай облысында есепші мектеп директорының электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, ақша жымқырған
Фото: gov.kz
724

Абай облысы  Ақсуат ауданының прокуратурасы бюджет қаражатын бюджет қаражатын заңсыз жұмсау фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында аудандағы оқу орындарының қызметкерлеріне 14,7 млн теңге заңсыз төленгені анықталды.

Прокуратура шараларымен артық төленген сома мемлекетке қайтарылды.

Бұдан басқа, мектеп есепшілерінің бірімен 1,3 млн теңге қаражатын ұрлау фактісі анықталды. Есепші мектеп директорының электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, ақшаны жеке шотына аударған. Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тегеп тексеруді бастады.

Сот үкімімен бұрынғы есепші ҚР ҚК 189-бабының 2-бөлігінің 3) - тармағымен (өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасымен қаржы ұйымдарда белгілі бір лауазымды атқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырылды.

 

Серіктес жаңалықтары