Президент 13 жастағы Айарудың бала күнгі арманын орындады

6 жылдың ішінде Азияны бағындырып, әлемнің 2 дүркін чемпионы атанған ол жетістігін Президентке жеткізуге армандаса керек

Президент 13 жастағы Айарудың бала күнгі арманын орындады
Фото: 24.kz
Автор
Админ
593

Мемлкет басшысы 13 жастағы Айарумен кездесіп, жеткіншектің бала арманын орындады, деп хабарлайды turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Ол кішкентайынан Президентпен жүздесіп, қолтаңбасын алуды аңсаған екен. Сол үшін Мемлекет басшысына хат жазыпты. Араға ай салмай, жауап келді.

- Құрметті Президент, менің арманым Сізбен кездесіп, Өзіңіздің қолтаңбаңызды алу. Бұл мен үшін үлкен бақыт! - Сіздің шахматқа деген ерекше махабатыңызды, әрдайым осы саланы қолдап жүретініңізді де білемін. Өзімнің шахматқа деген болашақ жоспарларым туралы Сізге баяндап бергім келеді. Мен де шахматта жетістікке жетіп жүрген әпкелерім сияқты қанатым талмай еңбек етіп, Елімнің намысын ары қарай қорғап, мәртебесін биіктете беремін! Қазақ елінің туын әлі талай елде көкке көтеруге уәде беремін! Сіздің де мені қолдайтыныңызға кәміл сенемін!

Бұл – 13 жастағы Айарудың Президентке жазған хатынан үзінді. 7 жасынан бері шахматпен айналысатын ол озық ойды талап ететін ойыннан әлемде қарсылас шақ келтірмей жүр. 6 жылдың ішінде Азияны бағындырып, әлемнің 2 дүркін чемпионы атанды. Биыл Перудегі жаһандық жарысты жеңген соң, қуанышым ішіме сыймады дейді. Сөйтіп жетістігін Президентке жеткізіп, арманын баяндауға бекінген. 

Айару Алтынбек, қала тұрғыны:

- Кішкентай кезімнен президентпен кездесу арманым болды. Теледидардан, жаңалықтардан көреміз. Сол кезде ойлайтынмын, кездескен күшті шығар деп. Содан кейін чемпион болған соң, анам екекуміз жазып көрейік, арманымыз орындалып қалар деп ойладық, арманым орындалды бүгін кездестім. Президенттің шахматты жақсы көретінін білемін, соны айтып мақтанайын деп едім. Өзім айтқым келді, автограф алғым келді.

Әу баста бұл ой сағым болып көрінсе де, жеткіншектің қалауы орындалды. Хатты 13 мамырда е-өтініш сайты арқылы жолдапты. Жауап көп күттірмеді, Президент "Әке туралы ой-толғау" кітабын тарту етіп, ішіне жеке қолтаңбасын қалдырды. Оған қоса бағалы сыйлық табыстады. 

Айару Алтынбек, қала тұрғыны:

- Өте бақытты болдым, кездесіп болған соң өз өзіме келе алмадым. Ол келген кезде Айару қайда, Айару қайда деп мені іздеп келді. Мен өте қуанышты болдым. Президент мені іздеп келгеніне. Президент өте қарапайым адам, бізді құттықтады, сөйлесті бізбен. Сыйлықтарын берді.

Хатты жазуға Айарудың анасы көмектесіпті. Бірақ жауап жылдам келеді деп күтпеген. Мемлекет басшысының кестесі тығыз болғандықтан, кездесуге шақыратынына да күдікпен қарағанын жасырмады.

Индира Алтынбек, А. Алтынбектің анасы:

- Біз олай ойлаған жоқпыз. Біз ойладық жазайық: болса болар, болмаса көреміз. Өскенде шақырып қалар өзі, чемпион бола берсең Президент өзі шақырады ғой. Солай қызымды успокит еттім да. Болса жақсы, болмаса көңіліңді түсірме деп. Жоқ бірақ бір айға жетпей кері байланысқа шығып, сондай бақыттымыз. 
 

Серіктес жаңалықтары