«Өзге ұлттың құшағында жүрсе қызғанамын»: Тоқтар Серіков қазақ қыздарына қатысты көзқарасын білдірді

Танымал өнер иесі еліміздегі қазақ халқы санының өспей жатқанына қыздарымыздың өзге елдің өкілдеріне тұрмысқа шығуының әсері бар деп топшылайды.

«Өзге ұлттың құшағында жүрсе қызғанамын»: Тоқтар Серіков қазақ қыздарына қатысты көзқарасын білдірді
Сурет: https://stan.kz
519

Әнші Тоқтар Серіков қазақ қыздарының өзге елдің азаматтарына тұрмысқа шығуына қарсы екенін айтты, деп жазды turkystan.kz.

"Бұл – менің азаматтық көзқарасым. Өз қаракөз қарындастарымды өзге ұлттың құшағында жүрсе қызғанамын. Өте қатты қызғанамын. Менің қаракөз қарындастарым тек қазаққа тиюі керек. Тек қазақтың жігіттеріне тиесілі. Менің қазағымның көбеймей жатқаны да осыдан болуы мүмкін. Сондықтан менің шырылдағаным рас. Әлі де шырылдаймын. Өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына қарсымын. Қазақтың қызы өзге ұлт азаматына тұрмысқа шықса, қатты қарсымын. Жүрегім ауырады", – деді әнші. 

Серіктес жаңалықтары