ҚМДБ қажылық жасауға баратын адамдарға үндеу жасады

Қажылық ережелерін бұзған кез келген адамға – азаматтар, тұрғындар немесе келушілерге – 10 000 саудиялық риал, яғни 2666 АҚШ доллары, айыппұл салынады.

ҚМДБ қажылық жасауға баратын адамдарға үндеу жасады
pixabay
710

Сауд Арабиясы Корольдігінің қоғамдық қауіпсіздік қызметі қажылық тәртібін бұзып, рұқсатсыз қажылық жасаған адамдарға айыппұл сала бастады.

Қажылық жасауға және заңсыз рұқсат алуға тыйым салу саясаты Мекке қаласын, орталық аймақты, қасиетті жерлерді, Харамайн теміржол станциясын, бақылау-өткізу пункттерін, тексеру орталықтарын және уақытша бақылау бекеттерін қамтиды. Бұл ереже 2024 жылдың 20 маусымына дейін күшінде болады.

«Қажылық ережелерін бұзған кез келген адамға – азаматтар, тұрғындар немесе келушілерге – 10 000 саудиялық риал, яғни 2666 АҚШ доллары, айыппұл салынады. Азаматтығы жоқтар өз елдеріне депортацияланады және белгілі бір мерзімге дейін Корольдікке қайта кіруге тыйым салынады. Сонымен қатар, қажылық тәртібін бұзғандарды рұқсатсыз тасымалдаған кез келген адам 6 айға дейін бас бостандығынан айырылып, 50 000 риалға дейін, яғни 13 328 АҚШ доллары, айыппұл төлейді және тасымалдау үшін пайдаланылған көлігі тәркіленеді», –  делінген ҚМДБ хабарламасында.

Қоғамдық қауіпсіздік қызметі, егер заң бұзушы резидент болса, ол жазасын өтегеннен кейін депортацияланатындығын және заңға сәйкес белгілі бір мерзімге дейін Корольдікке қайта кіруіне тыйым салынатындығын хабарлады.

Тасымалданған адам санына байланысты тәртіп бұзушыларға салынатын айыппұл мөлшері де өспек.

Еске салсақ, Сауд Арабиясы корольдігінің қажылық және умра министрлігі умра, туристік, жұмыс, отбасылық, транзиттік және басқа да виза түрлері қажылыққа құқық бермейтінін мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары