ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы өтті

Жиынға қатысушылар ҰҚШҰ аясындағы ықпалдастықты дамытуға және Ұйымды одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы өтті
532

Алматы қаласында Қазақстан тарапының төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы өтті.

Шараға қатысушылар ҰҚШҰ жауапкершілігіне қарасты аймақтағы жағдай жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов әріптестеріне ҰҚШҰ қызметінің өзекті бағыттарына қатысты, соның ішінде Қазақстанның Ұйымға төрағалығының басымдықтары аясындағы еліміздің ұстанымы туралы мәлімет берді.

Халықаралық терроризм, киберқылмыс, есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымы, ұйымдасқан трансұлттық қылмыс сияқты қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл шараларына да ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мақсатты мемлекетаралық бағдарламасы туралы» шешімінің жобасы мақұлданды.

Жиынға қатысушылар ҰҚШҰ аясындағы ықпалдастықты дамытуға және Ұйымды одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының біріккен күштерін заманауи әскери техникамен қамтамасыз ету үшін хатшылық штабпен бірлесіп құжат жобасын әзірледі. Ол Орталық Азия аймағында Ұжымдық күштердің құрамына кіретін әскери бөлімдер мен құрылымдарың әскери әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді», - деді ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов.

ҰҚШҰ-ға Қазақстан Республикасының төрағалығы ескеріліп, Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің кезекті отырысы биыл қараша айында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы қарсаңында Астанада өтеді.

Серіктес жаңалықтары