Елорда маңында бірнеше жаңа ауыл құрылады

Мұндай шешімді Ақмола облыстық мәслихаты қабылдап, облыстық әкімдік қаулы етті.

Елорда маңында бірнеше жаңа ауыл құрылады
istockphoto.com
538

Ақмола облысының Целиноград ауданында Қаражар, Қажымұқан, Ыбырай Алтынсарин жаңа ауылдары құрылып, бұған дейін ауылдық округ болып келген Талапкер аты өзгерместен ауылға айналады.

Мұндай шешімді Ақмола облыстық мәслихаты қабылдап, облыстық әкімдік қаулы етті.

Құжат жобасы Ашық НҚА порталында қоғам талқысына ұсынылды. Қаражар ауылы ауданға қарасты Қараөткел ауылдық округінің құрамынан бөлініп шығатын болса, Қажымұқан, Ыбырай Алтынсарин ауылдары Талапкер ауылдық округінен бөлінеді.

Қаражар ауылы Астана қаласынан бар болғаны 3 шақырым, ал Ыбырай Алтынсарин ауылы 5 шақырым жерде орналасқан. Қажымұқан ауылының орны сәл алысырақ, 13 шақырым жерде. Аталған ауылдардың ең ірі – Қаражар ауылы, мұнда 2500-ден астам адам тұрады.

Серіктес жаңалықтары