Тайландтан келген «сәлемдеме»: Алматы тұрғыны кеден бекетінде қамауға алынды

Бұл сәлемдемені алған жергілікті тұрғын ұсталып, сот оны екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.

Тайландтан келген «сәлемдеме»: Алматы тұрғыны кеден бекетінде қамауға алынды
istockphoto.com
627

Алматыда «Жетісу» кеден бекетінде Таиландтан белгілі бір иісі бар сұйықтық бар пошта сәлемдеме табылды, деп хабарлайды turkystan.kz Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік прокуратурасы мен Қаржы мониторингі агенттігі есірткінің елге, оның ішінде пошта арқылы енуіне жол бермеу үшін алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. Сондай шаралардың бірінде «Жетісу» кеден бекетінде Таиландтан белгілі бір иісі бар сұйықтық бар пошта сәлемдеме табылды.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, сәлемдеме ішіндегі зат – салмағы 29,25 грамм каннабис сығындысы (гашиш майы).

Бұл сәлемдемені алған жергілікті тұрғын ұсталып, сот оны екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу басқармасы жүргізеді.

Серіктес жаңалықтары