Көп мөлшерде дәрі ішкен қызылордалық оқушы ауруханаға түсті

Аталған оқиғаға қатысты қалалық білім бөлімі түсініктеме берді.

Көп мөлшерде дәрі ішкен қызылордалық оқушы ауруханаға түсті
Сурет: www.istockphoto.com
629

Қызылорда қаласында 8 сынып оқушысы отбасылық келіспеушілік салдарынан көп мөлшерде дәрі ішіп, ауруханаға түскен, деп хабарлады turkystan.kz порталы smartnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Болған оқиғаға байланысты Қызылорда қалалық білім бөлімі түсініктеме берді.

«Ә.Тыныбаев атындағы № 11 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы отбасылық келіспеушілік салдарынан дәрі ішіп, ауруханаға түскен. Бүгінде оның жағдайы қалыпты, үйіне шығарылды», — делінген Қызылорда қалалық білім бөлімі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары