977
Қазақстандық балуан Будапеште өткен турнирде чемпион атанды
Қарсыласы белгісіз себеппен кілемге шыққан жоқ.
Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан еркін күрестен рейтингілік турнирде қазақстандық балуандар үш медаль алды.
Жарыстың алғашқы күні, 6 маусымда финалда Әлішер Ерғали (97 келі) әзербайжандық Магомеджан Магомедовпен белдесуі керек еді.
Қарсыласы белгісіз себеппен кілемге шыққан жоқ.
Төрешілер шешімімен жеңіс Әлішерге беріліп, турнир жеңімпазы атанды.
Ал Юсуп Батырмырзаев (125 келі) финалда АҚШ балуаны Мэйсон Пэрриске есе жіберіп қойды. Осылайша күміс жүлдені қанағат тұтты.
Сондай-ақ жарыстың алғашқы күнінде Ризабек Айтмұқан (97 келі) қола үшін сайыста словакиялық балуан Батырбек Цакуловтан айласын асырып кетті.