Қорғаныс министрлігінің спортшылары –  күміс жүлде иегерлері

Жарысқа әлемнің 20 елінен 260 мық­ты спортшы қатысты.

Қорғаныс министрлігінің спортшылары –  күміс жүлде иегерлері
513

Мунген қаласындағы Корея Қарулы күштері спорттық корпусының (KAFAC) базасында халықаралық әскери спорт кеңесі (CISM) ұйымдастырған тхэквондодан әскери қызметшілер арасындағы 27-ші әлем чемпионаты аяқталды.

Жарысқа әлемнің 20 елінен 260 мық­ты спортшы қатысты. Олар ерлер мен әйелдер арасындағы сегіз салмақ дә­ре­жесінде бақ сынасты.
Жекпе-жек нәтижелері бойынша Ор­талық спорт клубының спортшылары ҚР Қорғаныс министрлігінің қор­жы­нына екі алтын, бес күміс және бір қола ме­даль салып, жалпы командалық есепте екін­ші орынды иеленді.
Әйелдер арасында Қарулы Күштер­дің қызметшісі Ясмина Нарбаева (53 ке­ліге дейін) және Мария Севостьянова (57 келіге дейін) жеңіске жетті. Қарулы Күш­тердің қызметшілері Нұрай Бауыр­жа­нова (49 келіге дейін), Нұрай Құсайы­но­ва (67 келіге дейін) және Назым Мах­мутова (73 келіге дейін) күміс жүлдегер атан­ды. Әскердің енді бір спортшысы Аль­мира Қанат (62 келіге дейін) қола ме­даль иеленді.
Ерлер арасында Қарулы Күштердің саңлақтары Джавохирхон Исламов (58 ке­ліге дейін) пен Аманбол Бегімбетов (63 ке­ліге дейін) күміс жүлдегер атанды.

Серіктес жаңалықтары