2209
Ақтау қалалық сотының төрағасы қамауға алынды
Әлеуметтік желіде судьяның пара алғаны жайлы ақпарат тарады.
Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz.
Сот төрағасының ұсталғаны туралы ҚР Жоғарғы сотының байланыс департаменті растады. Бауыржан Шайдуллинді Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бірлесе отырып ұстаған. Басқа ресми мәліметтер әзірге белгісіз.
Ал журналист Михаил Козачков судьяның 18 миллион теңге алған жерінен ұсталғаны жайлы жазды.