Павлодарда мас әйел жол бойында ұйықтап қалған
Павлодар облысында полицейлердің өзі жолда ұйықтап жатқан мас әйелді оята алмаған.
Павлодарда полиция қызметкерлері жолда ұйықтап жатқан мас әйелді тапты, деп хабарлады turkystan.kz.
Полиция облыс орталығын патрульдеу кезінде Украинская 97 көшесінде жол бойында жатқан әйелді байқаған. Жақындаған кезде әйел бөтелкені құшақтап ұйықтап жатқан. Ол полицияның ескертулеріне жауап бермей, ұйқысын жалғастыра берген. Оны көтеріп тұрғызғаннан кейін ғана әйел өз-өзіне келген.
– Азаматтар өз мүмкіндіктерін асыра бағалап, достарымен ішіп, содан кейін үйге бара алмайтын көп жағдай болады. “Құқықтық тәртіп” ЖПІ-нің тек бір аптасы ішінде мас күйінде көшеде және қоғамдық орындарда 300-ге жуық павлодарлық ұсталды. Барлық құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.
Тәртіп сақшысы бұл күндері 19 жүргізуші де мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталғанын атап өтті. Сотпен барлық іс бойынша кінәлілер әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған.