Ойын басында соғылған автогол бізді психологиялық тұрғыда "сындырып" жіберді – Нұралы Әліп

Арменияға қарсы жолдастық кездесуде Қазақстан командасының ойыншысы Александр Марочкин автогол соғып алды.

Ойын басында соғылған автогол бізді психологиялық тұрғыда "сындырып" жіберді – Нұралы Әліп
ҚФФ
877

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Арменияға қарсы жолдастық кездесуде жеңіліс табуға не себеп болғанын түсіндірді, деп хабарлайды turkystan.kz Metaraiting-ке сілтеме жасап.

 "Ойын басында соғылған автогол бізді психологиялық тұрғыда "сындырып" жіберді. Егер есеп 0:0 болғанда бірінші таймда болған үш шешуші сәттің бірінде гол соғар едік. Армения құрамасының сол жақ флангі өте белсенді ойнайтынын байқадым. Онда РПЛ-де өнер көр­сететін Сперцян мен Тикнизян ойнайды. Олар — өз құрамаларының көшбасшысы. Балтиев бізге қарсылас командадағы қорғаушыларға кеңістік бермеу керек екенін баса айтты, алайда біз оның берген тапсырмасын орындай алмадық, — дейді Нұралы Әліп ойын соңында.

Еске сала кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда өткен жолдастық кездесуде Армения командасына 2:1 есебімен есе жіберді. Енді олар 11 маусымда Әзербайжанға қарсы жолдастық кездесу өткізеді.

Серіктес жаңалықтары