Ақтөбеде жоғалып кеткен 13 жастағы баланың денесі табылды

Баланың денесі су бетіне қалқып шыққан

Ақтөбеде жоғалып кеткен 13 жастағы баланың денесі табылды
Видеодан алынған кадр
933

Ақтөбеде үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған 13 жастағы ерекше баланың денесі өзеннен табылды, деп жазады turkystan.kz.

Kazinform агенттігінің мәліметінше, Кәрім Жетіру 4 маусым күні сағат шамамен 17:00-де ауладан шығып, белгісіз жаққа кетіп қалды. Содан бері еріктілер, полиция, ТЖД қызметкерлері оны судан да, далалықтан да іздеді.

Кеше ТЖМ-нің тікұшағы әуеден бақылау жасады. Кәрім Жетірудің денесі бүгін табылды.

Кәрім Жетірудің денесі Елек өзенінен, Юрта мейрамханасының манынан табылды. ​Полиция, еріктілер және бей-жай қарамайтын азаматтар жоғалған баланы іздеуге қатысты. ​Полиция тергеу жүргізіп, қажетті сараптамалар тағайындады. Полиция департаменті туыстары мен жақындарына көңіл айтады, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Айта кетейік, баланың денесі су бетіне қалқып шыққан.

Серіктес жаңалықтары