Астанада су тасыған кезде ер адам көшеден серфингпен жүзіп өтті

Астанада жаңбырдан кейін Иманов көшесінде ылғи су тасиды

Астанада су тасыған кезде ер адам көшеден серфингпен жүзіп өтті
Видеодан алынған кадр
541

Елорда тұрғыны су басқан Иманов көшесін қатты жаңбырдан кейін серфинг тақтасымен жүзіп өтті, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Астанада жаңбырдан кейін Иманов көшесінде ылғи су тасиды. 7 маусымда да солай болды.

Қала тұрғындарының бірі серфинг тақтасымен жолды жүзіп өткен. Оған таңдана қараған адамдар әрекетін видеоға түсіріп алған. Кадрлар әлеуметтік желіге тарап кетті.

Айыппұл салынбайтын шығар деп үміттенемін, - делінген жазбаларда.

Еске сала кетейік, 7 маусымда Астанада қатты жаңбыр жауып, елорданың бірқатар көшесінде су тасыған. Қаланың кей ауданында бұршақ жауды.

Серіктес жаңалықтары