Танымал айтыскер ақынға жерлестері ат мінгізді

ШҚО тұрғындары өнер иесін ерекше сыймен күтіп алған.

Танымал айтыскер ақынға жерлестері ат мінгізді
Instagram/tleutai.aisholpan
721

Танымал айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай туған өңірі Шығыс Қазақстанға барып, халықтың ыстық ықыласына бөленді. 

 Жерлес ағалары оны жылы қарсы алып, оған тұлпар мінгізген. Бұл туралы айтыскер арудың өзі Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.

«Қазақтың қазақтығы қанында, мінезінде болады. Ал адамның адамдығы - жүрегінде. Туған елге сағынышпен келгенде ағалық мейіріммен кең құшағын жайып қарсы алған ағаларыма мың алғыс! Дархан көңілді, жарқын жүзді Арман ағам темір емес, шын тұлпар мінгізді! Күн жылытпас қара тасты көңіл ғана жылытады, сөз өтпеген қатынасты ақ пейіл ғана жақындатады. Ақпақ та, кең пейілдеріңнен айналдым, ағалар! Қымызы балдай Саржал жасай берсін», - деп жазды Айшолпан Тілеутай.

Серіктес жаңалықтары