512
Маңғыстау облысының прокуратурасы ескерту жасады
Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес облыста 10 орында шомылуға тыйым салынған
Кейінгі 5 жылда Каспий теңізінде 58 адам мерт болды, деп жазады turkystan.kz Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, оның ішінде 14-і кәмелет жасқа толмағандар.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес облыста 10 орында шомылуға тыйым салынған.
Келеңсіз оқиғаларды алдын алу үшін облыс прокуратурасы судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.